Oyau by ZaQ
Oyau by ZaQ

Oyau

ZaQ

Download "Oyau"

Oyau by ZaQ

Release Date
Fri Jul 19 2024
Performed by
ZaQ
Produced by
Olzhas Nai
Writed by
ZaQ

Oyau Lyrics

[«Oyau» әнінің тексті]

[Интро]
Е

[Шумақ 1]
Қайырлы таң, Нео! Дәу-дәу арманың қайсы?
Дым өзгермейді бұл жерде, матрица — мәңгі сайыс
Қоғам — ауру, тіле сауығу
«Кедейлік DNA-мен берілсе не үшін бала туып» дейді
Бұл жай жүйе, қумай, жи ес
Оларды ие қылма шынайы өзіңе
Келіспе, келіспе, келіспе
Келіспе, келіспе, келіспе, беріспе!
Менің жаным босады, бұзылды ойымда құраған аңыз
Басылды ашуым, ашылды санам, қалды тек алғыс
Өзіме келу үшін өзімнен қаштым – қалдым жалғыз
Кірдің бәрін жинап, секілді партаның астында ұмытылған сағыз
Е-е, бұл қараңғыдан жанымды шығардым қаламым арқылы
Бәлкім сол үшін бұл нәрсе аталад шығармашылық деп
Өз тұлғамның көлеңкесіне айналдым ақырын
Ішкі лабиринтіммен жүріп миллиондаған шақырым тек

[Қайырма]
Болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
Ояу, ояу, ояу
Болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
Ояу, ояу, ояу

[Шумақ 2]
Бәрі өзгерді, қойылды орнына құндылық
Өмірдің мәніне кілтіңді тапқанда алдыңнан шығады тағы мың құлып
Өтірік жылтырақ миымды шұқылап, санамды сандар құл қылып
Ойымда сандырақ пен былық
Сандырақ пен былық
Бәріне сенген жүрегім тілінген
Сенімді болуға ертеңге керегі тек қана теңге
Недеген сіккен әңгіме, соны итереді бәріңе
Жараң айналады деп дәріңе, өлмесең өмірдің мәні не?
Сені бай болуға үйретеді бірдеңе оқып алғандар
Ең қызығы тиын келеді саған поху болғанда
Бәрі өзгереді, кетеді жоқ боп жалғандар
Үйіңде жаңа бір жүрек соқылдағанда
Сен…

[Қайырма]
Болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
Ояу, ояу, ояу
Болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
Ояу, ояу, ояу

Oyau Q&A

Who wrote Oyau's ?

Oyau was written by ZaQ.

Who produced Oyau's ?

Oyau was produced by Olzhas Nai.

When did ZaQ release Oyau?

ZaQ released Oyau on Fri Jul 19 2024.

Your Gateway to High-Quality MP3, FLAC and Lyrics
DownloadMP3FLAC.com