[1 шумақ]
Кең далам!
Толған айың, толғайын
Домбырам
Қолға алайын, жырлайын
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
[2 шумақ]
Теңіздей!
Тебірендім, тербедің
Сапарда
Сағынышым сен менің
Дүние-ай сырларындай
Мөлдіреп тұнғанындай
Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!
[Қайырмасы]
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде
Кімдер өтті
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!
[3 шумақ]
Ғажап-ау!
Атамекен ғаламат
Бір саған!
Тағдырымыз аманат
Қымбатты даламыздай
Сымбатты анамыздай
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Жүрегім жанымыздай
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
[Қайырмасы]
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде
Кімдер өтті
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!
Атамекен (Atameken) was written by .
Roza-rymbaeva released Атамекен (Atameken) on Sun Jan 01 1984.